Accessibility links

Ауғанстан Сыртқы істер министрі Пәкістанның жоспарына байланысты алаңдаушылық танытты


Ауғанстан Сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта Ауғанстанмен арадағы шекарада мина мен қоршау орнату жөніндегі Пәкістанның жоспарына байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол БҰҰ бас-хатшысы Бан Ки-мунға жолдаған хатында жазған. Исламабадтың айтуынша, бұл жоспар бүлікшілердің шекарадан өтуін тоқтатуға бағытталған. Спанта, сондай-ақ, лаңкестерді жаттықтыратын орталықтардың қаржыландырылуын жою үшін халықаралық қауымдастық нақты қадам жасауы тиіс деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG