Accessibility links

АҚШ президенті Буш Ираққа тағы да қосымша 21500 әскер жіберілсін деп бұйрық берді

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ президенті Буш Ирақтағы азаматтық соғыстың ұшығып кетпеуі үшін Ираққа тағы да қосымша 21 500 әскер жібермек. Өзінің қаңтардың 10-күні, сәрсенбіде американ халқына жолдаған телемәлімдемесінде Буш Ирақтағы 4 жылдық соғысы кезінде бірқатар қателіктерге жол бергендігін мойындап, алдағы кезде Ирақты хаос – аласапырандық астаң-кестеңнен сақтауға әрекет жасаймын деген уәдесін айтты.

АҚШ президенті Буш қазіргі негізгі шұғыл міндет – Ирақтағы секталық қақтығыс, жанжал, бүлікшілдік шабуылдарға тойтарыс беру болмақ деді. Олай істемесек АҚШ алдында тұрған уазипа күрделене түспек, деді Дж. Буш.

– Егер біз кері шегінсек, онда Ирақтың қазіргі үкіметі күйрейді, ел топ-топқа бөлініп, жаппай қырғын орын алады. Ол жағдайда америка әскерлерінің тағы да ұзақ мерзімге қалып, өзара қырғындық қақтығыс күшейе түспек, - деді Буш.

Ал енді АҚШ күштері қазір белсенді әрекетке кірісіп Ирақтағы от-жалынды біршама баса алса, онда біздің әскерлерді тезірек кері қайтаруға да мүмкіндік туар еді, деді Буш.

Дәл қазіргі кезде Ирақта АҚШ-тық 132 мың әскер түрлі соғыс операцияларында қатысуда. Міне енді күні кеше Буштың бүкіл әлемге жариялағанындай, Ираққа тағы да 21500 американдық сарбаз жіберіліп, олардың барлық саны 153500-ге жетпек. Ал соншама әскердің өлім майданында жүргендігін айтпағанның өзінде жалпы қаржылық шығын 5 млрд. 600 млн. доллардан асып түспек.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, қақтығыс, шабуылдардың негізгі ошағы Бағдадқа жаңадан 17 мың 500 әскер жіберілмек. Ал Ирақ астанасына Ирақ бас министрі Нури Ал-Малики өз күштерінен 12 мың сарбаз қоспақ. Сондай-ақ, Бағдадтың батысындағы Анбар уалаятына АҚШтан қосымша 4 мың әскер келмек. Олар ол аймақтағы сүннит бүлікшілдері және Ал-Қайдалық жауынгерлермен шайқасуы мүмкін.

Буштың айтуынша, Ирақтағы ондай ауыр жұмыс, жауапты міндет тек қана американдықтарға жүктелген емес. Ирақ үкіметі де елдегі қауіпсіздік және өзге де шараларға жауапты дейді.

Мен Ирақ бас министрі және өзге де жетекшілерге Америка бұл елдегі барлық жауапкершілікті өз мойнына ала бермейді дедім. Ал егер Ирақ үкіметі өз алған міндеттемесін орындамаса, онда, американ халқының тіптен өз халқының қолдауын да жоғалтып алуы мүмкін.

Енді тек қана әрекетке кірісу керек. Мұны бас министр жақсы біледі, дейді Буш. Бұштың бұл айтып отырғаны, Н., Ал Малики кезінде қараша айына дейін Ирақтағы барлық уалаяттарда қауіпсіздік шараларын өз қолыма аламын деген уаде айтқан болатын.

Енді тағы да Буштың өз сөзімен айтсақ, Бағдадтағы қауіпсіздік шараларының іске асапауына екі себеп болыпты. 1-ден, бұл аймақтағы шараларға жеткілкті әскери күш әкелінбепті. 2-денсол күштердің өзіне көптеген шектеулер жүктеліпті.

Сондықтан Буштың айтуынша, ендігі жаңа стратегиялық жоспар бойынша орын алған сол қателіктерді қолбасшылық жоюы тиіс екен.

Дегенмен, Буштың бұл жаңа стратегиясына Конгресс билігін 12 жылдан кейін қайтадан өз қолына алған демократтар қалай қарар екен ?

Президент Буштың теле мәлімдемесінен кейін-ақ, Иллинойс штатынан демократ сенатор Ричард Дурбин өз партиясы атынан Буштың бұл жоспарына қарсы екендігін ашып айтты. Оның пікірінше Ирақтағы АҚШ күштері санының ұлғайтылуы, Ирақтағы жағдайды тыныштандыру орнына американдардың көпте қазасына және қаржы жане өзге қорлардың далаға шашылуына алып келеді екен.

– Ирақтағы бұл азаматтық соғысты қосымша 20 мың әскермен тоқтата алмайсыз. Осы кезге дейінгі құрбандар саны тағы да көбейе түседі. Президент Буштың Ирақтағы нағыз жағдайды түсінетін уақыт болды. Ал мұндағы ақиқат шындық -Америка өз іс-тірлігі үшін тисті жауабын, жазасын алды. АҚШ 3 мыңнан астам әскерінен айрылды. Американдық отбасылардың перзенттерінен айрылғандығына қосамаңдай терімен келген салықтан бүлінген қаржы бекерге кетті, - дейді американдық сенатор Дурбин.

Республикашылар партиясынан 4 сенатор Буштың Ирақтағы АҚШ қосындар санын көбейтуіне қарсы екендігін ашық жариялап отыр.

Ал 5-ші республикашы виржиниялық сенатор Уарнер Ирақ зерттеу тобының ұсынысын қолдайды. Ол топ генералдардың өзі сұранбаса, Ирақтағы АҚШ күштерін көбейтуге және соғысты жалғастыра беруге болмайды деген қорытынды жариялаған болатын.

Дегенмен, сенаторлар Джон МкКейн мен Джозеф Либерман көптен бері Ирақтағы АҚШ күштерінің санын көбейтуге шақырып келеді.
XS
SM
MD
LG