Accessibility links

Ресей мұнайы Беларус құбырларымен қайта жіберіле бастады


Ресейдің Транснефть компаниясы Беларус жері арқылы Европаға мұнай жөнелтуді толығымен қалпына келтірді. Сәрсенбі күні Беларус билігі Ресей мұнайының тасымалына салынатын баж салығының алынып тасталғанын хабарлады. Мұнай турасындағы Беларус пен Ресей арасындағы пікірталасқа байланысты Европаның бірқатар елдерін мұнаймен жабдықтау бірнеше күн тоқтап қалған еді. Бүгін Беларустың премьер-министрі Сергей Сидорски мұнай-газ саласындағы дауды реттеу мақсатымен Мәскеуге ұшып барды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG