Accessibility links

Пәкістан елді "Әл Қаида" басшылары паналайды деген айыптауды жоққа шығарды


АҚШ барлау қызметінің басшысы Джон Негропонте Пәкістан терроризмге қарсы соғысқа үлес қосып жатса да террорлық ұйымдардың басшыларына пана береді деген. Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі Шауқат Сұлтан бұл жорамалды жоққа шығарды. Дегенмен кеше сөйлеген Пәкістан ішкі істер министрлігінің өкілі Афтаб Ахмадхан Шерпау "Әл Қаиданың" елде ықпалы бар екенін, ықпалдың мейілінше азайғанын айтты. Кеше, сол сияқты, Исламабад қаласында АҚШ сыртқы істер министрлігінің көмекшісі Ричард Баучер президент Перуез Мұшарафпен аймақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG