Accessibility links

Иран сыртқы істер министрі Моттаки Ирақтан ол елде АҚШ күштері тұтқындаған 5 Иран ресмиін азат етуге көмектесуін сұрады


Иран көрші ел Ирақтан өз аумағында американ әскерлерінің тайраңдауын тоқтатуды өтінеді. Манучер Моттаки бұл жөнінде Ирақ сыртқы істер министрі Зебаримен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Қаңтардың 11-інде Арбил қаласындағы түнгі тінту кезінде АҚШ әскерлері 6 иран азаматын тұтқындап әкеткен болатын. Кондолиза Райстың айтуынша, ол операцияға президент Буштың өзі бұйрық беріпті.
XS
SM
MD
LG