Accessibility links

Джордж Буш сын айтатындар балама жол ұсынуға міндетті деді


АҚШ президенті Джордж Буш Ираққа қосымша әскер жолдау жоспарына қарсылық танытатындар балама жол ұсынуға міндетті деді. Буш Ираққа тағы 21500 сарбазды жолдау жоспарын апта басында жариялаған. Демократиялық партияның басшылары және Буштың өз партиясы Республикалық партиядан шыққан кейбір депутаттар бұған сын айтады. Сенбі күні жарияланған апталық радиоүндеуінде Буш, сол сияқты, қаржы көздерін қысқартуға қарсы екенін білдірді. Президент Буш Ирақ үкіметі айтқан уәделердің орындалуын да талап етемін деді.
XS
SM
MD
LG