Accessibility links

Ресей сауда министрі ел беделіне нұқсан келді деп мойындады


Ресей сауда министрі Герман Греф Беларуспен арада болған мұнай тасымалы дауы Ресей беделіне нұқсан келтірді деп мойындады. Ресейдің Еуропаға қуат көздерін тұрақты беретін абыройына нұқсан келді, Еуропаның көңілін қайта орнына келтіруге бірнеше жыл қажет, деді Герман Греф. Ресей мен Беларус жұма күні келісім тапты, Ресей Беларуспен арадағы саудадан биыл шамамен бір миллиард доллар көбірек алмақ. Беларус бас министрінің орынбасары Андрей Кабякоу келісім әділ жасалды, Беларустағы ішкі баға өспеу керек деді. Ресей мен Беларустың арасындағы даудың салдарынан Еуропаға баратын мұнай шамамен бір тәулікке тоқтап қалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG