Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Ирақ үкіметін сынға алды


БҰҰ бас хатшысы Бан Ки-мун Ирақ үкіметі Саддам Хусейнмен бірге айыпталған екі азаматты дарға асу арқылы халықаралық қауымдастықтың шақыруларына құлақ аспады деп мәлімдеді. 1982-ші жылы Дужаил ауылында 148 шиитті өлтірді деп айыпталған марқұм Саддамның жартылай бауыры Барзан Ибрагим әл-Тикрити және Ирақ революциялық сотының бұрынғы басшысы Ауад әл – Бандар дүйсенбі күні дарға асылған болатын. Еуропа басшылары бұл өлтірулерді айыптады. Ирақтағы АҚШ елшісі Залмай Халилзад Хуссейннің екі үзеңгілесінің дарға асылуын “Ирақ шаруасы” деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG