Accessibility links

Кеше Бағдадта кемінде 100 адам мерт болған


Сейсенбі күні Ирақ астанасында орын алған шабуылдар мен бомба жарылыстарынан 100 адам қаза тауып, жүздеген жан жарақат алған. Университет жанында жарылған бомбадан 65 адам құрбан болды, олар негізінен сабақтан шығып қайтып бара жатқан студенттер еді. БҰҰ-ың деректеріне қарағанда өткен жылы Ирақта 34 мың бейбіт тұрғын құрбан болып, 36 мыңы жараланған. БҰҰ 2006 жыл - Ирақта қарапайым азаматтар көп қаза тапқан жыл болды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG