Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки-мун әлемдік проблемаларды шешуде Құрама Штаттардың қолдауына зәру болатындығын айтты


Уашингтонда Ақ үйде АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуден кейін Бан аталған ұйым қызметіне реформалар жасауға уәде берді. Сондай-ақ Ирақты қайта қалпына келтіру ісіне көмектесуге барлық елдерді шақырды.

БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысы Бан Ки- мун Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі болып тұрғанында Корей-АҚШ саммитіне қатысқан екен. Сол кезде ол президент Бушты мықты басшы деп бағалаған көрінеді.

“Президент Буштың мықты қолдауы және басшылығымен БҰҰ және Құрама Штаттардың өзара өте жақсы әріптестік пен байланыс құратынына мен сенімдімін”, - деді Бан мырза Ақ үй алдында журналистерге берген сұхбатында.

Әлемдік проблемаларды, соның ішінде Солтүстік Корея, Сомали және Ливанға қатысты қиын түйіндерді шешуде АҚШ және әлемнің басқа да елдерінің қолдауларына сүйенетіндігін айтты ол. Таяу Шығыс, оның ішінде Ирақ мәселесі өте маңызды сауал, деді Бан. Ол Ирақта бейбітшілік, тұрақтылық орнатып, экономикалық ауыртпалықтардан құтылу барысында ел үкіметіне барлық мүмкін болған көмектерді көрсетуге халықаралық қауымдастықтың шақырды.

Буш әкімшілігі өз сөзімен айтқанда БҰҰ-ның қабылетіне байланысты және Құрама Штаттарға қарсы көзқарасына орай, ол ұйымды қатты сынап келгені белгілі. АҚШ сондай-ақ БҰҰ құрамында, әсіресе Ирақ еліне «азық-түлік үшін мұнай» атты бағдарламаға байланысты сыбайласқан жемқорлық орын алды, деп сынаған болатын. Әсіресе, БҰҰ-ндағы АҚШ елшісі қызметін атқарғанына бір жыл толған Джон Болтонның тіпті қатты сынап келгені белгілі. Бас хатшы Бан болса Болтонның сол сындарын сұрастырған болатын. Тыңдай келіп Бан мырза ол сындардың кейбірі сындарлы деп баға берді. Сондай-ақ тиімді әрі жинақы да шапшаң жұмыс істеу үшін БҰҰ-нда реформалар жүргізуге құлшынысты екендігін ол айтты. Бұл істе ұйымға мүше елдер мен оның барлық қызметкерлерінің мықты қолдауын қажет ететіндігін де Бан мырза атап өтті.

Азық-түлік үшін мұнай атты бағдарламаға қатысты екі адамға қарсы АҚШ прокурорлары бүгін ресми түрде айыптауларды ашты. Олардың бірі - сол бағдарламаның бұрынғы директоры Бенон Севан. Екіншісі - бұрынғы бас хатшы Бутрос Бутрос Галидің қайнысы Ефрайм Надлер. İсті заңсыз жүргізу үшін олар пара алған және құпия жұмыстар жасаған, деп айыпталуда.

Азық-түлік үшін мұнай бағдарламасы бойынша Ирақ президенті Саддам Хусейн үкіметіне мұнайдан түскен қаржыға қайырымдылық заттарын сатып алуға мүмкіндік берілген болатын. Бағдарлама мақсаты Ираққа салынған тиымдардан халықтың зардап шекпеуі еді, дейді мақала ауторы Андрю Тюли. Алайда Саддам Хусейн біраз мұнайды шетке заңсыз түрде сатып, кейбір азаматтар мен үкіметтерді заңсыз жолға итермелеген, дейді аутор.
XS
SM
MD
LG