Accessibility links

Ангела Меркел бүгін Еуропа парламентінде сөйледі


Германия канцлері Ангела Меркел бүгін Еуропа парламентінде сөйледі, Еуропа Одағы конституциясы жобасының талқылауын қайта бастауға уәде айтты. Германия канцлері келісім 2009 жылдың көктеміне дейін, Еуропа парламентінің сайлауына дейін табылса жөн, бұған Еуропа, одақ мүшелері, одақ азаматтары мүдделі деді. Еуропа Одағы конституциясының жобасын 2005 жылы өткен талқылауда Франция мен Голландия сайлаушылары қабылдамай тастаған. Ангела Меркел пікірталас осы жолы нәтиже шығармаса "тарихи қате" жасалады деді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG