Accessibility links

АҚШ заң шығарушыларының бір тобы Иранға шабуыл болдырмауды көздейтін қарар дайындады


Қарар бойынша АҚШ Конгресінің келісімінсіз Иранға қарсы соғыс шараларын бастауға тиым салынады. Өкілдер палатасының мүшелері Буш әкімшілігінің Техранға қатысты саясаты әскери қақтығыстарға жеткізуі мүмкін деп алаңдайды. Қарар қос палатада мақұлданып, президент оған қол қойған соң күшіне енеді. Қарарда АҚШ-қа шабуыл жасалған жағдайда ғана немесе Техран тарабынан шын мәнінде қауіп төніп тұрғаны нақты анықталғанда ғана әскери күш қолдануға болады деп жазылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG