Accessibility links

Европаның солтүстік-батысында қатты дауылдан кемінде 27 адам опат болды


Күшті жел мен нөсер жаңбыр ең алдымен Британияны басып өткен болатын, мұнда 10 адам табиғаттың қатал мінезінің құрбандарына айналды. Желдің жылдамдығы сағатына 160-190 шақырымнан асады. Жолдарда аласапыран, әуежайлар жабылды. Германия мен Нидерландыда поездар тоқтап тұр. Теңіздерде дауылдан көптеген кемелер бағыттарынан адасқан. Ла-Манш бұғазында теңіз толқындарының биіктігі 9 метрге дейін жетті. Бірқатар қалаларда төтенше жағдай жарияланды. Дауыл Чехияға, Австрияның солтүстігіне жетті, енді Польшаға жақындап қалды. Бүгін Мәскеуде секундына 20 метрге дейін жететін жел тұрады деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG