Accessibility links

Қатты дауыл Орталық және Шығыс Европада бірқатар зиян шектірді


Жылдамдығы сағатына 200 шақырым болатын күшті жел Европаға аз шығын әкелген жоқ, ормандарды қиратып, бірқатар жерде елдімекендерді жарықсыз қалдырды. Темір жолдардың қозғалысы мен әуе тасымалында кідірістер болуда. Чехия мен Польша, Румыния, Украина, Словакияда кей жерлерде электр жарығы жүйелері зақымдалған. Европада бейсенбі күні басталған қатты дауылдан кемінде 39 адам құрбан болды деп хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG