Accessibility links

Мәскеуде тұратын ұйғыр текті қазақстандық эстрада әншісі Мұрат Насыров өткен түнде қайғылы қазаға ұшырады


Ресей құқық органдарының мәліметіне қарағанда, Насыров Вучетич көшесіндегі 5 қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап өлген. Мәскеулік милиция қызметкерлерінің хабарына қарағанда, Насыров есірткі әсерінде болған секілді. Бұл жөнінде Интерфакс агенттігі хабарлап отыр. Мұрат Насыров 37 жаста болған. Ол алғаш «Мальчик хочет в Тамбов» (Бозбала Тамбовқа кеткісі келеді) деген әнімен өнерсүйер қауымға танылған еді. Мұрат Насыров алдағы дүйсенбіде Алматы қаласында жерленбек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG