Accessibility links

Бағдадқа қосымша 3200 АҚШ жауынгері келді


Ирақта зорлық-зомбылық әрекеттері одан әрі жалғасуда. Бүгін Бағдадта орын алған жарылыстан кемінде 5 адам қаза тауып, 15 кісі жарақат алды. Ал Басра қаласындағы жарылыстан бір британдық әскер опат болды. Бүгін Бағдадқа қосымша 3 мың 200 АҚШ жауынгері келді деп хабарланды. Ал сенбі күні Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 19 АҚШ сарбазы құрбан болды.
XS
SM
MD
LG