Accessibility links

Пәкістанда орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 3 сарбаз құрбан болды


Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аймағындағы әскери көліктің жанында бір жанкешті өз машинасын жарып жіберді. Оның салдарынан кемінде 3 сарбаз қаза тауып, 9 кісі жараланды. Әскери көлік Мираншах қаласына аттанған болатын. Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристанда “Талибан” мен “Әл-Қаида” ұйымының қолдаушылары белсенділік танытатыны белгілі бірақ бұл аймақта жанкештілік шабуылдар жиі болмайтын тұғын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG