Accessibility links

БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы алғашқы шетел сапарын бастайды


БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы Бан Ки Муун жаңа қызметіндегі алғашқы шетел сапарын бастайды. Бүгін ол Брюссель қаласына келіп, Еуропа Одағының кеңсесінде қонақ болмақ. Бан Ки Муунның сапары жеті апта жалғасады. Бан Ки Муун Париж қаласына барып, Ливан мәселесіне арналған донорлық конференцияға қатысады, Гаага қаласында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының соттарында болмақ. Бан Ки Муунның сапарында, дегенмен, негізгі нысанаға Африка мәселелері алынып отыр. Бан Ки Муун Конго, Кения және Эфиопияға барады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG