Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Конгресте жылдық жолдауын жариялады


Президент Буш Конгресті Ираққа 21 мың 500 сарбазды қосымша жолдау жайындағы жоспарын қолдауды сұрады. Буш Ирақта бастаған шаруаны аяқтамасақ барша аймақта қақтығыс ұлғаяды, сүннитер мен шиитер арасында үлкен қақтығыс басталады деді. Буш әрқайсымыз осы соғыстың аяқталғанын және жеңіспен аяқталғанын қалаймыз деді. Президент Буш Конгреске қайырылып, Америка Құрама Штаттары шекарасының қауіпсіздігін арттыру мақсатында кең бағытта иммиграция реформасын бастауға шақырды. Президент Буш елде бензин тұтынуын алдағы 10 жылда 20 пайызға қысқартуды мақсат тұтқан заңдарды қабылдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG