Accessibility links

Тәжікстан президенті Рогхун гидроэлектростанциясын Ресейсіз салуды бұйырды


Тәжікстан үкіметі Ресейдің "РусАл" алюминий компаниясы бір миллиард доллар тұратын гидроэлектростанция салу жобасына кедергі жасап отыр деп мәлімдеді. Энергетика министрі Шерали Гулов "РусАл" алюминий компаниясы 2004 жылы қол қойылған келісімнің бірде-бір бабын орындаған жоқ, мұның салдарынан Рогхун гидроэлектростанциясының құрылысы аяқталмай қалды деді. Энергетика министрі президент Эмомали Рахмонов гидроэлектростанция құрылысын "РусАл" компаниясыз аяқтауға шешім шығарды деді, дегенмен егжей-тегжейлісін айтқан жоқ. "РусАл" компаниясы мәселе жайында пікірін әзірше білдірген. жоқ.
XS
SM
MD
LG