Accessibility links

"Қазмұнайгаз" "Ескене-Құрық" құбыржолын салмақ


"Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы мұнайды сыртқа шығаруға бағытталған жаңа құбыржол саламыз деп жариялады кеше. "Қазмұнайгаз" компаниясы "Ескене-Құрық" құбыржолын салу жоспарланып отыр, құбыржол Каспий теңізінің жағалауында орналасқан терминалға мұнай тасымалдамақ деді. Бұдан соң мұнай танкер кемелерімен "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыржолына жеткізілмек. "Қазақстан Каспий көлік жобасының" құны үш миллиард доллар құрамақ, жоба 2010-2011 жылдары басталмақ, дейді Ассошейтед пресс агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG