Accessibility links

Парижде бүгін Ливан мәселесіне арналған халықаралық донорлар конференциясы өтеді


Ливанның сыртқы қарыздары өсіп кеткен, Ливан инфраструктурасы былтыр жазда Израиль мен "Хизболла" ұйымы арасында болған соғыста қиратылған. Оның үстіне Ливанның батысшыл үкіметінің жетекшісі, бас министр Фуад Синиора "Хизболла" бастаған оппозиция тарапынан қатты қысымға түсіп отыр. Конференцияға қатысамын деген АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Америка Құрама Штаттары Ливанға 770 миллион доллар береді деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG