Accessibility links

АҚШ сенатының комитеті президент Джордж Буштың жоспарын қабылдамады


АҚШ сенатының сыртқы қатынастар комитеті президент Джордж Буштың Ираққа қосымша әскер жолдау жоспарын қабылдамады. Комитеттің 12 мүшесі қаулыны жақтады, 9 мүшесі қарсы дауыс берді. Демократиялық партия өкілдері бақылайтын комитет Ираққа қосымша әскер жолдау "ұлттық мүддеге жатпайды" деп тапты. Президент Буш бұдан бір күн бұрын Конгреске және Америка қоғамына қайырылып, Ирақ жайындағы жаңа стратегиясына қолдау сұраған.
XS
SM
MD
LG