Accessibility links

Ресейдің төрт жаңа ядролық реакторын Үнді жерінде орналастыруға байланысты екі жақ арнайы меморандумға бүгін қол жеткізді


Бұл құжатқа екі елдің ядролық агенттік басшылары қол қойды. Бұдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин бүгін Үнді үкімет басшысы Манмохан Сиңх және басқа да ресми өкілдермен Нью-Делиде кездескен болатын. Үндістанға Ресей Қорғаныс министрі Сергей Иванов бұдан бұрын келіп қойған еді. Екі жақ келісімі бойынша Ресей авиациясы үшін қозғағыш тетікшені, яғни двигательді Үндістан жасап шығармақшы. Сондай-ақ Ресейдің жаңа қырғи ұшағын дамытуға ол ат салысатын болады.
XS
SM
MD
LG