Accessibility links

Косовоның болашақ мәртебесі жайында ұсыныс жасалмақ


БҰҰ-ның елшісі Мартти Ахтисари бүгін батыс елдері мен Ресейге Косовоның болашақ мәртебесі жайында ұсыныс жасамақ. Ұсыныс бүгін Вена қаласында "Контакт тобы" деп аталған алты мемлекет өкілдерінен жасалған ұйымның мәжілісінде жасалмақ, мәжіліс жабық есік жағдайында өтеді. БҰҰ-ның елшісі Косовоның болашақ мәртебесі жайында ұсынысын келесі аптада Сербия мен Косовоның албан ресми өкілдеріне тапсырмақ. Сербия үкіметі Косовоға тәуелсіздік беру ұсынылса қарсы боламыз деп ескерткен. Косовода негізінен албандар жасайды, Сербия Косовоны өз мекені ретінде көреді.
XS
SM
MD
LG