Accessibility links

АҚШ үкіметі Ауғанстанға қаржы көмегін ұлғайтпақ


АҚШ үкіметі Ауғанстанға берілетін қаржы көмегін ұлғайтамыз, елдегі әскерді күшейтеміз деп жариялады. АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс бұл мақсатқа 10 миллиард 600 миллион доллар бөлуді сұраймыз, президент Джордж Буш Конгреске сұрау жолдайды деді. Бұл соманың екі миллиард доллары реконструкция жобаларына жұмсалмақ, ал 8 миллиард 600 миллион доллар Ауғанстан әскеріне құрал-жабдық алып беруге, дәрістеме өткізуге жұмсалмақ. АҚШ қорғаныс министрлігі Ауғанстанда 3200 сарбаздан құралған жасақтарымыз алғашқы мерзімге қарағанда тағы төрт ай қалады деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG