Accessibility links

БҰҰ Бас Ассамблеясы Холокост зұлматын жоққа шығарушыларға сөгіс айтады


БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Холокост зұлматын жоққа шығарушыларға сөгіс айтатын қаулы қабылдады. Жобаны Америка Құрама Штаттары кіргізді. Иран өкілі Хұсейн Ғариби өз үкіметінің бағытында сөйлеп, Холокост зұлматы расында да болды ма екен, соны анықтау қажет деді. Холокост деп Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған еврейдің қырылуын айтады. Израиль елшісі Ден Гиллерман Бас Ассамблея қаулысы Холокостың тарихтағы орнын дәйектеді дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG