Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ираққа 21 мыңдай әскер жіберу жөніндегі өз жоспарына Конгресс мүшелері айтқан сынға қарсылық білдірді


Буштың жұма күні айтуынша, қосымша әскер жіберу жөніндегі оның шешімі орынды және табысқа жеткізбек екен.

– Конгрессмендерден білгенім, Ирақтағы жеңіліс АҚШ үшін апатты жағдай болады екен. Бірақ, шешім менен шыққандықтан ол апаттың алдын алу да менің міндетім, - деді президент Буш.

АҚШ Қорғаныс министрі Гейтс те Конгрестің ол қарсылығына тоқталып, егер Конгресс Буштың жаңа шешіміне қарсы дауыс берсе, онда АҚШ әскери қолбасшыларының көңілі пәс болып, керісінше, дұшпан қайраттана түседі деген пікірін айтты.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG