Accessibility links

Палестиналық Хамас және Фатах топтарының арасында болған соңғы күндердегі қақтығыстардан кемінде 17 адам қаза тапты


Кеше болған қақтығыста екі ересекке қоса 2 жасар бала да мерт болды, 40 кісі жарақат алды. Сондай-ақ, Хамастан 18, ал Фатахтан 5 адам ұрланған. Бұл орайда, Хамастық өкіл Уайел Хашаш жұма күнгі баспасөз маслихаты кезінде былай деді:

- Батыс жағалаудан тұрып біз кісі ұрлаумен іс бітеді деп ойламаймыз. Біз басқыншылыққа қарсымыз. Сондықтан Батыс жағалау мен Ғазадағы ұрланғандар жедел босатылуы тиіс.

Хамас та, Фатах та біріккен үкімет құру мәселесінде келіссөздерден бас тартып отыр. Дегенмен, Хамас жетекшісі Айман Таха өзара қантөгістің тоқталатындығына сенімді екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG