Accessibility links

Вашингтонда Ирақ соғысына қарсы шеру өтті


Ондаған мың адам АҚШ әскері қайтарылсын деп талап қылды. Президент Джордж Буштың Ирақ саясатына сын айтылды. Митингке қатысқан киноактер Шон Пинн демократия қоғамында шешім қабылдау құқы халық құзырында, АҚШ басшылығына осыны айтамыз, әлемге осыны танытамыз деді. АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Гордон Джондрой президент Джордж Буш соғыстың аяқталғаны халық қалауы екенін біледі, Ираққа қосымша әскер жолдау стратегиясы соғысты аяқтауды көздейді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG