Accessibility links

Саддам Хуссейннің туысы күрдтердің ауылдарын қиратуға мен бұйрық бердім дейді


Ирақ сотында Саддам Хуссейннің туысы Әли Хассан әл-Мажид 1980-ші жылдары күрдтердің ауылдарын қиратуға мен бұйрық бердім деп мойындады. Әл-Мажид, сондай-ақ, бұйрық беру арқылы ешқандай “қателік” жасамадым деді. Әл-Мажид пен тағы басқа бірнеше айыпталушыға соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылған. Оларға қатысты сот дүйсенбі күні одан әрі жалғасады.
XS
SM
MD
LG