Accessibility links

“Хамас” және “Фатаһ” партиялары бітімге келді


Палестинадағы бақталас “Хамас” және “Фатаһ” партиялары бітімге келгендерін хабарлады. Атысты тоқтату жөніндегі хабарды Палестина сыртқы істер министрі Махмуд әл-Захар жариялады. Премьер-министр Исмаил Хания мен президент Махмуд Аббастың көмекшісі “Хамас” және “Фатаһ” арасында келіссөз өткізген болатын. Соңғы 5 күн ішінде орын алған қақтығыстан кемінде 30 палестиндік қаза тапқан тұғын.
XS
SM
MD
LG