Accessibility links

Ирақтағы Ашура уағызнамасы кезіндегі шабуылдан кемінде 11 адам қаза тапты


Шииттердің діни Ашура мерекесіндегі уағызнама кезінде Иранмен шегаралас аймақтағы Ханақын қаласында жарылыс болып, кемінде 11 адам қаза тапты. Жарақат алғандар - 39. Полиция дерегіне қарағанда, құрбан болғандардың көпшілігі шиит күрдтері екен. Сондай-ақ, Миндалі қалашығындағы мешітте шанпидашы жасаған бомба шабуылынан 12 адам мерт болып, 40 кісі жараланған. Ашура – 680 жылы қайтыс болған Мұхаммед Пайғамбардың немересі Имам Хұссейнді еске алу рәсімі есептеледі.
XS
SM
MD
LG