Accessibility links

Өзбек билігін сынаған белсендінің әйелі қамауға алынды


Өзбекстандағы адам құқықтарын қорғаушы белсенді Жаһангір Шосалимов президенттік сайлаудың желтоқсан айына белгіленгеніне сын айтты. Жаһангір Шосалимовтің мақаласы "Фергана. ру" сайтында жарияланды. Адам құқықтарын қорғаушы Елена Урлаева полиция бүгін Жаһангір Шосалимовтің үйіне баса көктеп кіріп, оның әйелін алып кетті дейді. Оған қандай күдік айтылып отырғаны белгісіз. Жаһангір Шосалимовтің өзі президент сайлауына түсемін деп мәлімдеген. Өзбекстан Конституциялық соты заңдағы қарамақайшылықты қарап, президент сайлауы биыл желтоқсан айында өтсін деп бұйырды.
XS
SM
MD
LG