Accessibility links

Батыс елдері сербтар мен этникалық албандарды Косова жобасын оң қабылдауға шақырды


Еуро Одақ ресмилері Сербия мен Косованың этникалық албандарын, БҰҰ-дағы Косованың мәртебесі жөніндегі арнайы өкілі Марти Ахтисаари ұсынған жобаға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. Ахтисаари бұл жоспарымен таныстыру үшін Белград пен Приштинаға барып қайтты. Албания жетекшісі Фатмир Сейдиу бұл жоспар Косованы тәуелсіздік жолына әкеледі деп айтса, Сербия президенті Борис Тадич одан бас тартып, Белград ешқашан Косованың тәуелсіздігін қолдамайды деді.
XS
SM
MD
LG