Accessibility links

Палестиналықтар бітімгершілік келісімін күтуде


Бүгін Палестина халқы бітімгершілік келісімі жасалады деп үміттенуде. Соңғы күндері елдегі бәсекелес топтар арасындағы қақтығыс Газа аймағында ушыға түсіп, кемінде сегіз адам жараланды. Жалпы, бірнеше күнгі бұл қақтығыстардан 25 адам қаза болған. Хамас қозғалысы жетекшілігіндегі Палестина премьер министрі Исмайл Хания қарулы топтардың Газа қаласынан шығуын ескертті. Негізінде жұма күні ғана Хамас пен Палестина президенті Махмуд Аббастың Фатх қозғалысы бітімгершілікті қайта бастауға тырысып, қарулы топтарын әкетуге келіскен еді.
XS
SM
MD
LG