Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО күштеріне бұдан былай АҚШ генералы жетекшілік ететін болады


Ауғанстандағы НАТО күштеріне бүгіннен бастап АҚШ генералы Дан МкНейл басшылық ететін болды. Оның алдында “Талибан” соғысушылары көктемгі шабуылдарын жоспарлап отыр деп ескертілген тұғын. Ал бұған дейін 33 мың әскердің қолбасшысы болған Британия генералы Дэвид Ричардс Кабулда сөйлеген сөзінде 2006 жыл халықаралық бітімгершілік күштері мен Ауғанстан әскерлері үшін сәтті жыл болды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, талибандықтар бірде-бір мақсатына жете алмаған. Өткен жылы бүлікшілерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінен Ауғанстанда шамамен 4 мың адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG