Accessibility links

Ақ Үй Бағдадтағы шабуылдарды “қатыгездік әрекет” деп атады


Бағдадта орын алған жарылыстан шамамен 130 адам қаза тауып, 300 кісі жараланды. Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики сенбі күнгі бұл жанкештілік шабуыл үшін өлім жазасына кесілген бұрынғы диктатор Саддам Хуссейннің жақтастарын айыптады. Америка Құрама Штаттары басым көпшілігі шииттер тұратын аймақта орын алған бұл шабуылды “қатыгездік әрекет” деп атап, Ирақ үкіметіне қолдау көрсететінін қайталап айтты. Ал жексенбі күні Бағдадтың солтүстігінде орын алған жарылыстан 4 полиция қызметкері опат болды. Сонымен қатар бүгін Бағдадтың орталығында тағы бір жарылыс болды, оның салдарынан бір әйел қаза тауып, 3 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG