Accessibility links

9 жылға бас бостандығынан айрылған М.Ходорковскийге жаңа айып тағылады


МӘСКЕУ: “ЮКОС” мұнай компаниясының бұрынғы президенті М.Ходорковский мен “Менатеп” банкінің бұрынғы иесі П.Лебедевтің 3 адвокаты кеше Мәскеудің “Домодедово” әуе жайында ұшаққа отырғалы жатқан сәтінде ұсталды. Оларды милиция бөлімшесіне күштеп алып келіп, жеке құжаттарын тартып алып, тінту жүргізді. 3 адвокаттың бірі Юрий Шмидтің хабарлауынша, оларды ештеңе түсіндірмей 1 сағаттай ұстап, қоя берген. Адвокаттар тергеу барысына қатысу үшін Чита қаласына ұшып шықтты. Ресейдің Бас покуратурасы 9 жылға сотталған Ходорковскийге бүгін жаңа айып тағатын көрінеді.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG