Accessibility links

2007-інші жылы 1.5 млн. молдован Румыния азаматтығын сұрауы мүмкін


БУХАРЕСТ: Румыния көрші Молдовадан миграция толқынын күтіп отыр. Ол туралы кеше румын президенті Траян Басеску хабарлады. Бұл құбылысты ол таяуда Румынияның Еуропа Одағына қосылуымен түсіндірді. Басескудің сөзіне қарағанда, Молдова халқы өзінің болашағын Еуропамен байланыстырады, яғни Еуроодақ құрамында өмір сүруге үміттенеді. Румын президентінің айтуынша, 2007-нші жылы 1.5 млн.-ға жуық Молдова тұрғыны румын азаматтығын алуға өтініш беруі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG