Accessibility links

Беларусь билігі жастардың оппозициялық қозғалысын да қудалап жатыр


МИНСК: Кеше Минск қаласында оппозициялық “Молодой фонт” қозғалысының 30-ға жуық мүшесі ұсталды. Осы ұйым мүшелерінің бірі мәлімдегендей, беларусь милициясы мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері “Молодой фронт” кеңесінің жиналысы өтіп жатқан пәтерге басып кірген. Ұсталғандардың арасында бірқатар аймақтық бөлімінің жетекшілері де болған. Адамның құқын қорғаушы Людмила Грязнованың хабарлауынша, ұсталғандардың кейбірі кәмелетке де толмаған көрінеді. Өткен жылдың қарашасында “Молодой фронт” лидерлерінің бірі Дмитрий Дашкевич тіркелмеген ұйымның жұмысына қатысқаны үшін 1.5 жылға сотталды. “Эмнисти интернэшнл” ұйымы оны “саяси тұтқын” деп таныды.
XS
SM
MD
LG