Accessibility links

Соңғы 2 аптада Ирақта АҚШ-тың 4 соғыс тікұшағы атып құлатылды


БАҒДАД: Жексенбі күні Бағдад қаласында орны болған түрлі террористік қастандық пен атыстан кем дегенде 37 кісі қаза тапты. Қаланың түрлі ауданынан одан бұрын көз жұмған 33 адамның мәйіттері табылды. Осы күні Ирақтың өзге қалаларында 7 адам өлтірілді. Сенбі күні Бағдад базарында бомба орнатылған жүк автокөлігінің жарылысынан 130 кісі қаза тапты. Кеше Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы хабарлағандай, соңғы 2 аптада көтерілісшілер АҚШ-тың 4 соғыс тікұшағын атып құлатып, бас-аяғы 20 адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG