Accessibility links

Грекия парламентінде консерваторлардың үкіметіне сенім білдірілді


АФИНА: Грекия парламенті үкіметке “сенімсіздік білдіру” мәселесін дауысқа салды. Консерватор премьер Костас Караманлис бастаған үкіметке сенімсіздік білдіруді депутаттардың 164-і қолдап, 122-сі қарсы дауыс берді. “Сенімсіздік белдіруге” үкіметті “өзінің міндеттерін орындамады” деп айыптап, кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен Социалистік партия бастамашы болды. Енді социалистер Грекия конституциясына өзгерістер әзірлеу мақсатымен пікірталастан бас тартты. Караманлистің үкіметі 11 жыл бойы билік басында болған социалистердің орнына 2004-інші жылы келген болатын.
XS
SM
MD
LG