Accessibility links

В.Путин мен Венесуэла президенті – өз елдеріндегі демократияны ішінен құртты деген сынға ілікті


НЬЮ-ЙОРК: Журналистердің құқын қорғайтын комитет Ресей мен Венесуэл президенттері В.Путин мен Уго Чавесті баспасөзге ресми биліктің бақылауын орнатудың “жаңа моделі” деп сипаттады. АҚШ-та құрылған осы комитет өзінің жаңа баяндамасында Путин мен Чавесті – “демократиялық жолмен сайланған диктаторлар” деп бағалады. Баяндамада атап көрсетілгендей, олардың билікке сайлануы қауіпті, өйткені олар өз елдеріндегі баспасөзді “ашса алақанында, жұмса – жұдырығында ұстаудың” құқықтық негізін қалады. Олар, деп мәлімдейді аталған комитет, тәуелсіз баспасөз бен оппозициялық саяси партияларға рұқсат беру сынды демократияның бет-жүзін ғана құрды да, демократияның өзін ішінен құртты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG