Accessibility links

Дж.Буш Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарына 100 млрд. доллар сұрайды


ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш оппозициядағы Демократиялық партия көпшілік дауысқа ие болған Конгреске 2008-інші жылға арналған бюджеттің жобасын ұсынуға тиіс. Осы жылдың 1-інші қазанында күшіне енетін жаңа бюджет жылының жобасында Американың терроризмге қарсы күресін және Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қаржыландыруға биылғы жылға 100 млрд. доллар, ал келесі жылға тағы 145 млрд. доллар бөлу қарастырылған. Дж.Буштың бюджет жобасы бас-аяғы 2.9. трлн. доллар қаржы бөлуді сұрайды. Жоба - АҚШ Конгресінде дауысқа салынып мақұлданғанша, талай ай бойы талданады.
XS
SM
MD
LG