Accessibility links

Қырғызстандағы наразылық танытушылар Өзбекстанда қамауда жатқан екі белсендінің босатылуын талап етті


Бүгін 20-ға жуық адам Қырғызстандағы Өзбек елшілігі жанында түрмедегі адам хұқын қорғаушы екі белсендіге байланысты қолдау көрсетті. Наразылық танытушылар қамаудағы Умида Ниязова мен Мотабар Тәжібаеваның азат етілуін талап етті. Олар, сондай-ақ, Өзбек билігі адам хұқын қорғаушы белсенділерді сотқа тартуын тоқтатсын дейді. Желтоқсан айында тұтқындалған Ниязоваға тиым салынған исламшыл “Акрамия” тобына қатысы бар деген айып тағылып отыр. Ал Тәжібаева экономикалық айыптар бойынша өткен жылы бас бостандығынан айырылған болатын.
XS
SM
MD
LG