Accessibility links

Сербия Косово өлкесі бойынша келіссөзді созуға тырысып отыр


БЕЛГРАД: Сербия президенті Борис Тадич халықаралық қауымдастықтан Сербияның жаңа парламенті жиналғанша, Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша келіссөзді кемінде 10 күнге кейін ысыруды сұрайтынын мәлімдеді. Б.Тадичтің “Beta” агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, ол келіссөзді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады. Сербияның өткен айда сайланған жаңа парламентінің қашан жиналатыны беймәлім. Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша халықаралық келіссөздің келесі сатысы алдағы аптада Венада өтуге тиіс. Серб лидерлері Косово өлкесінің болашағы туралы халықаралық жоспар албандар басым тұратын өлкенің тәуелсіздік алуына жол ашады деп санап, ол жоспармен келіспейтіндерін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG