Accessibility links

Мәскеу мен Тбилиси тікелей әуе қатынасын қайта ашу мүмкіндігін талқылауда


МӘСКЕУ: Кеше Мәскеуде Ресей мен Грузия арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта ашудың мүмкіндіктерін талқылайтын 2 күндік орыс-грузин келіссөзі басталды. Өткен жылдың күзінде Грузияда “тыңшылықпен айналысты” деген айыппен Ресейдің 5 әскери қызметкері ұсталған соң, ресми Мәскеу Тбилисиге қарсы визалық, пошталық және әуе қатынасына байланысты шектеу енгізген болатын. Ондай шарасына Ресей грузин әуе компанияларының “3.5 млн. доллардан асатын қарызы бар” дегенді желеу етіп алды.
XS
SM
MD
LG