Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс толастамай, керісінше өршіп барады


БАҒДАД: Кеше Ирақ астанасы – Бағдадта орны болған түрлі террористік қастандық пен шабуылдан 40-тан аса адам, ал елдің басқа өлке-аймақтарында да осыншама кісі құрбан болды. Ирақ әскері Бағдадтың кейбір ауданындағы қауіпсіздік шараларын қатаңдатты. Шийттер тұратын Садр-Сити ауданы айрықша күзетілу үстінде. Ирақтағы АҚШ әскерінің басшылығы хабарлағандай, Ирақ армиясымен бірге Баакуба қаласында өткізілген тінту шарасының барысында шийттердің әсіре діни көсемі Мұқтада Ас-Садрдың жақын үзеңгілесінің бірі қаза болды.
XS
SM
MD
LG