Accessibility links

Палестина лидерлері Меккеде өзара татуласуы мүмкін


МЕККЕ: Палестинадағы бақталас 2 ұйым – ФАТХ пен “Хамас”-тың арасындағы жанжалдың тиылуынан бір апта өткенде олардың көсемдері автономияның “ұлттық бірлік” үкіметін құру мәселесі бойынша бүгін Сауд Арабиясында келіссөзге отыруға тиіс. Саудия басшысының шақыруымен мұсылмандар үшін әулие-қала болып табылатын Меккеде өтетін бұл келіссөз Палестина автономиясының төрағасы әрі ФАТХ қозғалысының лидері Махмуд Аббас пен “Хамас” тобының көсемі Халид Мишаалды татуластыруды көздейді. Дүйсенбі күні Газа аймағында біршама тыныштық орнады, оның қарсаңындағы қақтығыстарда 20-дан аса адам қаза болып, тағы қаншама кісі жараланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG